Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында сотталған әйелдер кондитерлік шеберлік сабағына қатысты

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №44 мекемесінде жазасын өтеуші әйелдер кондитерлік шеберлік сабағынан өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2022 жылғы 8 желтоқсандағы №409 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспарының 14-тармағы аясында еңбек нарығындағы сұранысты ескере отырып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеушілерге арналған кәсіптік даярлау курстары жаңартылуда.

Осы бағытта №44 мекемесінде алғаш рет бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан әйелдерге арналған "Ұннан және кондитерлік өнімдер өндіру" тақырыбындағы бір күндік аспаздық шеберлік сабағы өткізілді. Шеберлік сабағын кәсіби аспаз-кондитер Кристина жүргізді.

Курс аясында төрт жазасын өтеуші әйел пирог, кекс, пончик пісірудің тәжірибелік дағдыларын меңгеріп, ас-үй құралдары мен жабдықтарымен кәсіби жұмыс істеуді үйренді. Сонымен қатар әртүрлі өнімдердің қасиеттерімен танысып, олармен жұмыс істеудің ерекшеліктерін білді. Ерекше назар қамыр дайындаудың қыр-сырына, оның консистенциясына және дәмді пісірудің басқа да тәсілдеріне аударылды.

- Мен бұл шеберлік сабағына қатысуды ас дайындау қабілетімді жетілдіру үшін таңдадым. Бұған дейін қамыр дайындау маған оңайға соқпайтын — не тым қатты, не тым сұйық болып кететін. Кристина бізге мінсіз қамыр дайындаудың құпияларын үйретті, пайдалы кеңестерімен бөлісті. Біздің әрқайсымыздың отбасымыз бар, бостандыққа шыққан соң оларды дәмді тағамдармен қуантқымыз келеді. Тіпті болашақта өз кондитерлік дүкенімізді ашсақ дейміз, — дейді қатысушылардың бірі.

Курс соңында барлық қатысушыға арнайы сертификаттар табысталып, дайындалған өнімдерден дәм тату шарасы ұйымдастырылды.

Бұл бастаманың басты мақсаты — жазасын өтеуші әйелдердің табысты әлеуметтік бейімделуіне ықпал ету. Алынған сертификаттар олардың бостандыққа шыққаннан кейін жұмысқа орналасуына немесе жеке кәсіп ашуына мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру