Түркістан облысында полиция күнін мерекелеу аясында тәртіп сақшылары өнер көрсетті
Түркістан облысында полиция күнін мерекелеу аясында тәртіп сақшылары өнер көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысының өнерге жақын полицейлері жаңадан ашылған "Жастар" саябағында ерекше шара ұйымдастырды. Яғни тәртіп сақшылары облыс орталығында концерттік бағдарлама өткізіп, әннен шашу шашып, демалушыларға жағымды көңіл-күй сыйлады.
Қазақстан полициясы күніне орай өткізілген шара - азаматтардың тәртіп сақшыларына деген сенімін арттырып, отансүйгіштікке арналған патриоттық әндер айтты.
Погон таққан өнерпаздардың музыкалық өнері жүрекке жетіп, оның орындалу шеберлігі, шынайы эмоциялары көрермендерді бейжай қалдырмады. Жиналғандар тәртіп сақшыларына ыстық ықыластарын білдірді.