Абай облысында жедел кеңес өтті
Абай облысында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара және жартыжылдық қорытынды жедел кеңес өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиынға департамент пен оған бағынысты мекемелердің жеке құрамы және ардагерлер қатысты.
Іс-шара аясында ҚАЖ қызметкерлері мен ардагерлеріне құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі үлестері, қызметке адалдығы мен үлгілі еңбегі үшін марапаттар мен алғыс хаттар табыс етілді.
– Полиция күні – бұл тек кәсіби мереке емес, бұл – әр қызметкердің қоғам алдындағы зор міндетін мойындау. Біз қызметке адалдықты жоғары бағалап, ардагерлеріміздің тәжірибесін қадірлейміз, – деді департамент бастығы Ғалымжан Балтабаев.
Іс-шараның екінші бөлігінде 2025 жылдың 2 жартыжылдығы бойынша жедел қызметтің қорытындылары тыңдалды. ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Арслан Мухаметжанов өз баяндамасында кадр жұмысы, тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және бос лауазымдарды толықтыру мәселелеріне тоқталды.
Ведомстволық бағынысты мекемелердің бастықтары баяндама жасап, мекемелердегі кемшіліктер мен азаптауға жол бермеу және құқық бұзушылықтарды болдырмау мәселелері қаралды. Сондай-ақ жеке құрамға Мемлекет басшысының қатысуымен өткен құқық қорғау органдары Алқасының кеңейтілген отырысында айтылған негізгі талаптар жеткізілді.