Алматы облысында полиция бірінші жартыжылдықты қорытындылады
Алматы облысында полиция бірінші жартыжылдықты қорытындылады, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысының полицейлері 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында 172 929 құқық бұзушылықты анықтап, жолын кесті. Оның 108 551-і жол қозғалысы қауіпсіздігіне тиесілі. Бұл көрсеткіш өңір жолдарындағы апатты төмендетуге бағытталған алдын алу шараларының тиімділігін және жол жүру ережелерін бақылау жұмыстарының нәтижесі.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар да жоғары. Бұл салада 64 378 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Әсіресе, отбасылық-тұрмыстық салаға ерекше назар аударылып, 723 құқыққа қарсы әрекет тіркелді. Сонымен қатар балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған 2233 ата-ана анықталды.
Рейдтер мен тексерулер барысында полицейлер 13 018 абаттандыру ережелерін бұзу, жануарлар дүниесін пайдалану және аңшылық ережелерін сақтамаудың 467 жағдайын, балық аулау және су биоресурстарын қорғауға қатысты 260 құқық бұзушылықты тіркеді. Бұдан бөлек, ортақ пайдаланудағы орындарды ластау бойынша 2579, рұқсат етілмеген көше саудасы бойынша 2280 жағдай анықталды.
Облыстық полиция жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық ұйымдармен және тұрғындармен тығыз ынтымақтастықта жұмысын жалғастырып келеді. Негізгі мақсат – тек құқықбұзушылықтың жолын кесу ғана емес, сонымен қатар қоғамда заң мен тәртіпті сақтау – жеке және қоғамдық қауіпсіздіктің негізгі кепілі екені туралы түсінікті қалыптастыру.