Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Саденовті қабылдады
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Саденовті қабылдады, — деп хабарлайды Polisia.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі қылмыстық ахуал мен ішкі істер органдары жүзеге асырып жатқан Заң мен тәртіп қағидатының орындалуы туралы баяндалды.
Сондай-ақ министр мас күйде жасалатын қылмыстың алдын алу, кадрлық әлеуетті арттыру және қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру шараларына тоқталды.
Кездесу соңында Президент еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті одан әрі арттыруға қатысты бірқатар міндет жүктеді.