Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәртіп пен тазалық – полиция бақылауында

Павлодар ауданында учаскелік полиция инспекторлары ауылдық елді мекендерде тәртіп пен тазалықты қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Олардың міндеті – заңның орындалуын бақылаумен қатар, тұрғындарға аумақты таза ұстаудың маңызын еске салу.

– Біздің назарымызда – үй маңындағы жер телімдері, тұрғын үйлердің қасбеттері, ұйымдар мен кәсіпкерлік нысандарының ғимараттары. Кейде жеке секторда былтырдан бері шабылмаған шөпті, құрылыс қалдықтарын немесе рұқсат етілмеген жерге төгілген қоқысты кездестіреміз. Мәселен, аудан ауылдарының бірінде полицейлер жеке аулада күл жинауға жол бермеді, ал екінші ауылда қоқыс үйіндісін жоюға ықпал етті. Абаттандыру ережелерін бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар ауданы ПБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Нұрлан Нұртаев.

Абаттандыру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі. Учаскелік инспекторлар алдын алу іс-шараларын өткізіп, тұрғындармен әңгімелеседі, аумақтарды күтіп ұстау ережелерін түсіндіреді, сондай-ақ жасыл желектер мен инфрақұрылым нысандарына ұқыпты қарау қажеттігін еске салады.

Сонымен бірге аралау барысында полицейлер тұрғындарды ұрлық пен интернет-алаяқтық қаупі туралы ескертеді, жеке мүлікті қорғау жөнінде кеңестер береді. Мұндай шаралар тәртіпті сақтап қана қоймай, полиция мен халық арасындағы сенімді байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

Учаскелік инспекторлардың рейдтері мен профилактикалық жұмысы – бір реттік акция емес, ауылдардың абаттандырылуы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін жүйелі қызмет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру