Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде ашық есік күні өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде ашық есік күні өтті, - деп хабарлайды Poiisia.kz.

Абай облысы бойынша ҚАЖД қауіпсіздігі орташа мекемесінде сотталғандардың туыстары үшін ашық есік күні өтті. Мұндай іс-шараларға мекеме әкімшілігі ерекше назар аударады, өйткені сотталғандар үшін әлеуметтік пайдалы байланыс түзетудің негізгі және маңызды факторларының бірі.

Бұл күні 70 сотталған үшін туыстарымен және жақындарымен көптен күткен кездесу өтті, барлығы бұл күнді асыға күтті. Әсіресе бұл күн алаяқтық үшін жазасын өтеп жатқан 38 жастағы сотталған үшін өте ерекше өтті. Бұл күні ол өзінің бес жасар ұлын алғаш рет көрді.

Ол бас бостандығынан айыру орынында болған уақыттан бастап, мекеме қызметкерлерімен сөйлескеннен кейін ол отбасы - бұл ең қымбат және құнды екенін түсінді. Әйелін ұзақ сендіру және кездесуге тырысу бекер болмады. Әйелі ақыры келісіп, бұрынғы күйеуімен кездесті.

- Бүгін менің өмірімдегі ең бақытты күн. Мен ұлымды көрдім, онымен кездескенде эмоцияларымды ұстай алмадым, ұзақ уақыт бойы мен бірінші рет жыладым. Бұл қуаныштың көз жасы. Осы қысқа уақыт ішінде мен оған бәрін айтқым келді, оған домбырада ойнауды үйретуге тырыстым. Мен көп кешірім сұрадым және ұлым мен жұбайыма ант бердім енді мен олардан ешқашан алшақтамаймын деп. Мекеме әкімшілігіне рақмет бұл маған отбасыммен қайта қосылуға көмектесті. Әйелім маған мүмкіндік берді. Мен бұл мүмкіндікті жіберіп алмаймын. Келесі жылы мен босатыламын, енді бізде ең берік және бақытты отбасы болатыны сөзсіз, - деп бөлісті сотталған.

- Отбасы әр адамның өмірінде маңызды және басты рөл атқарады. Психологтардың пікірінше, әсіресе тордың арғы жағындағы адамдар үшін отбасын қолдау өте маңызды. Отбасын қолдау сотталушының тезірек бостандыққа шығуға деген ұмтылысын күшейтеді, - деп атап өтті №20 мекеме бастығы Жеңісбек Дәуренбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру