Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да пробация қызметкерлері жазасын өтеп шыққан азаматтың жұмысқа орналасуына көмектесті

ШҚО-да пробация қызметкерлері жазасын өтеп шыққан азаматтың жұмысқа орналасуына көмектесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылыққа байланысты Шығыс Қазақстан облысының 38 жастағы тұрғыны жазасын өтеуден босатылды.

Марқакөл ауданы пробация қызметінің аға инспекторы Аяулым Мұратбекқызы азаматтың тағдырындағы пробация қызметінің рөлі туралы айтып берді.

— Адам пробациялық есепке тұрған кезде біздің міндетіміз – оны бақылау ғана емес, сонымен қатар қалыпты өмірге оралуына көмектесу. Оның тұрақты табысы мен бұрынғы қателіктеріне қайта оралмауға деген ынтасы болуы үшін, біз оған бірден жергілікті шаруа қожалығына жұмысқа орналасуға көмектестік, – деді ол.

Рақымшылық туралы заң күшіне енгеннен кейін ер адамның ісі сотқа жіберілді. Оның өтелмеген жазасының бір жыл үш айды құраған бөлігі толығымен жойылды. Сот оны сот залында босату туралы шешім қабылдады.

— Көмегі мен қолдауы үшін пробация қызметінің қызметкерлеріне алғысым шексіз. Олар маған өзіме деген сенімділікпен жаңа өмір бастауға көмектесті. Рақымшылық мен үшін нағыз сый болды, мен өмірлік сабақ алдым және бұдан былай қателіктерге жол бермеймін. Енді жаңа парақтан бастаймын, өйткені менде тұрақты табыс пен жұмыс бар, – деді ер адам.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру