Полиция Павлодарда абаттандыру ережелерінің сақталуын бақылауды күшейтті
Полиция Павлодарда абаттандыру ережелерінің сақталуын бақылауды күшейтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері абаттандыру ережелерінің бұзылуына жол бермеу үшін тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
Тексерулер барысында орталық көшелер ғана емес, елді мекендердің шет аймақтары да қамтылып отыр. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мұндай іс-шаралар ең алдымен алдын алу мақсатын көздейді: азаматтар мен кәсіпкерлерге заң талаптары түсіндіріліп, бұзушылықтарды жою бойынша ескертулер мен нұсқамалар беріледі.
— Біздің міндетіміз – қалада тәртіп орнатып қана қоймай, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру. Шаһардың тазалығы мен абаттандырылуы әрқайсымызға байланысты, — деді Павлодар қаласы Орталық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Дәуіт Саттар.
Полиция тұрғындарды санитарлық нормаларды сақтауға, үй маңындағы аумақтарды таза ұстауға және заң бұзушылықтарға бей-жай қарамауға шақырады.
"Заң және тәртіп" қағидаты ішкі істер органдары қызметінің негізгі ұстанымы болып қала береді. Ол азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған. Әрбір құқық бұзушы өз әрекеті үшін заң алдында міндетті түрде жауап беретін болады.