Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицейлер медицина университетінің студенттеріне кешенді дәріс өткізді

Алматыда полицейлер медицина университетінің студенттеріне кешенді дәріс өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының полицейлері "Профилактика жылы" аясында С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенттерімен кездесу өткізіп, "Заң және жастар: құқықбұзушылықтар, лудомания және олардың алдын алу жолдары" тақырыбында кешенді дәріс оқыды. Бұл – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар легінің алғашқы кезеңі болды.

Кездесу барысында тәртіп сақшылары киберқылмыстардың алдын алу, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ электросамокаттар мен өзге де жеке қозғалыс құралдарын қауіпсіз пайдалану ережелері жөнінде кеңінен түсіндірді. Ерекше назар құқықтық нормаларды түсіндіруге және құқықбұзушылықтың алдын алуға аударылды.

– Қазіргі таңда біз ең алдымен алдын алу шараларына басымдық беріп отырмыз. Жастар – ең белсенді әрі сезімтал аудитория. Заңға бағыну мәдениеті де осы ортадан бастау алады. "Заң және тәртіп" қағидаты тек құқық бұзушылық үшін жазалау ғана емес, сонымен бірге оны болдырмауға бағытталған жүйелі жұмысты білдіреді. Сондықтан студенттерді өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, құқықтық білімін жетілдіруге шақырамын, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Алматы қалалық полициясы алдағы уақытта да жастар арасында құқықтық түсіндіру және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастыратын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру