Қостанайда LED-экранға рұқсатсыз қол жеткізген жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды
Қостанайда LED-экранға рұқсатсыз қол жеткізген жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанайда 14 жастағы мектеп оқушысы бір мекемеге тиесілі көше LED-экранын рұқсатсыз бұзып, онда әртүрлі әзілдер көрсеткен. Ол әлеуметтік желілерден көрген "лайфхакты" қайталап, жүйеге қол жеткізген.
Алғашында бұл қылыққа өтіп бара жатқан жұрт күлкімен қарағанымен, нысан иелері мұндай әрекетті әзіл ретінде қабылдаған жоқ. Ұйым полицияға арыз түсірді. Киберқылмысқа қарсы бөлім мамандары жасөспірімді жедел анықтады.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша (Ақпараттық жүйеге заңсыз қол жеткізу) бабы аясында сотқа дейінгі тергеу басталды. Ал кәмелетке толмаған баланың ата-анасы заңды өкілдері ретінде жауапкершілікке тартылады.
Бұл оқиға — өзгелер үшін ескерту. Интернетте жасалған зиянсыз әрекеттің өзі қылмыстық іске ұласуы мүмкін. Технология — ойыншық емес, ал цифрлық әзілдер үшін де шынайы жауап беруге тура келеді.