Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыдағы балалар колониясында нашақорлыққа қарсы іс-шара өткізілді

Алматыдағы балалар колониясында нашақорлыққа қарсы іс-шара өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласындағы балалар колониясына "Ақпараттық ресурстық орталық" қоғамдық орталығының мамандары келіп, сотталған балалармен кездесу өткізді.

Кездесуде орталық төрағасы Нұржан Жакупов пен химиялық тәуелділік жөніндегі маман Ерлан Тажибаев жасөспірімдерге нашақорлықтың құқықтық және әлеуметтік зардаптары жайлы кеңінен әңгімелеп берді. Сонымен қатар тәрбиелік сипаттағы диалог барысында балалар өздерін толғандырған сауалдар қойып, пікір алмасты.

Бас бостандығынан айыру орындарында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі бекітілген жоба аясында ұйымдастырылған кездесудің мақсаты – жасөспірімдер арасында есірткі қылмысына қарсы иммунитет қалыптастырып, нашақорлықтың зиянды салдарын ұғындыру, салауатты өмір салтын насихаттау.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру