Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Учаске" ЖПІШ: Атырауда заңсыз айналымнан 60 келіге жуық бекіре балығы тәркіленді

Атырауда заңсыз айналымнан 60 келіге жуық бекіре балығы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы "Учаске" және "Бекіре - 2025" жедел-профилактикалық іс-шаралары кезінде бекіре балығы мен уылдырығын заңсыз сатқан екі күдіктіні ұстады.

Күдіктілердің тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде 56,8 келі болатын 9 бекіре балығы мен 500 грамм уылдырық табылды. Сондай-ақ оның автокөлігінен 1,6 келі бекіре балығы мен 500 грамм уылдырық табылып, тәркіленді.

Аталған оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 339-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу әрекеттері жүргізілуде. ҚР Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасы ҚПК-нің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімі танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру