Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Атырауда ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Ешманов тәлімгерлер кеңесінің мүшелерімен бірлесіп, аудандық полиция бөлімдерінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындау жолдарына тоқталды.

Кеңес барысында жеке құрамға құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында нақты тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, зорлық-зомбылықтың алдын алу, ойын-сауық орындарында тәртіпті күшейту, ауылдық жерлерде мал ұрлығының жолын кесу, жол-көлік оқиғалары жиі болатын аумақтарда профилактикалық шараларды күшейту, киберқылмыспен күресті жандандыру және туристік полиция қызметін дамыту мәселелері көтерілді.

Сонымен қатар Президент Жолдауында көрсетілген негізгі бағыттарға назар аударылып, цифрлық технологияларды енгізу, жасанды интеллект шешімдерін пайдалану, халықпен өзара байланысты нығайту, қылмыстың алдын алу және қоғамдық тәртіпті күшейту шараларының маңызы атап өтілді.

- Қауіпсіздік пен заңдылық – тұрақты әрі өркендеген қоғам құрудың кепілі. Әрбір полиция қызметкері өз міндетін жоғары жауапкершілікпен атқарып, қоғамға нақты нәтиже көрсетуі тиіс. Қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің басты борышымыз, – деді Атырау облысы ПД бастығының орынбасары Руслан Ешманов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру