Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында “Қауіпсіз жол”акциясы жалғасып жатыр

Маңғыстау облысында “Қауіпсіз жол”акциясы жалғасып жатыр, — хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес 15–30 қыркүйек аралығында республика көлемінде “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, оларды болдырмау, көлік жүргізушілерінің тәртібін арттыру және жол қозғалысы кезінде мәдениетті қалыптастыру.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы мен әкімшілік полиция басқармасы, жергілікті атқарушы органдар және “ҚАЖ сервис” ЖШС өкілдері бірлесіп республикалық маңыздағы Доссор — Боранқұл — Бейнеу — Сайөтес — Шетпе — Жетібай — Ақтау автомобиль жолында түнгі уақытта “Жолда қабылдау” акциясын ұйымдастырды.

Акция барысында жүргізушілерге жол-көлік оқиғаларының салдары түсіндіріліп, алдын алу бағытындағы жадынамалар және апаттық қауіпті учаскелер туралы ақпараттар таратылды.

“Қауіпсіз жол” акциясы кезінде республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында, сондай-ақ елді мекендерде патрульдік жасақтар артты. Қызметтік автокөліктер құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін құрылғылармен жабдықталып, жасырын патрульдер барынша жұмылдырылды.

Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру