Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Маңғыстау облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері талқыланды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары І.Жұмағұловтың төрағалығымен ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы, Маңғыстау облысы прокуратурасы, Ақтау қаласы прокуратурасы және Ұлттық банк мемлекеттік мекемесінің Маңғыстау облысы бойынша филиалы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Кездесу барысында банктік қызметтерді пайдалана отырып жасалатын электронды ұрлықтар мен алаяқтық қылмыстарының алдын алу бойынша бірлескен профилактикалық шаралар қарастырылды. Интернет-алаяқтықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында бірқатар мәселелер талқыланып, алдағы уақытта атқарылатын ортақ жұмыстардың бағыттарына баса назар аударылды.

Аталған шара құқық қорғау органдары мен қаржы ұйымдарының өзара іс-қимылын нығайтып, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ өңірде интернет-алаяқтықтың алдын алуға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру