Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ ӘПК төрағасы Ақтөбе облысына іссапармен барды

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Ақтөбе облысына іссапармен барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысы полиция департаментіне барды.

Кайсар Сұлтанбаев сапар аясында облыс әкімі, ҚР Бас прокурорының орынбасары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігінің қатысуымен өткен Үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты. Жиында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, буллингке қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу мәселелері талқыланды. Әсіресе, цифрлық шешімдерді енгізу және ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кейін Қайсар Сұлтанбаев облыстық полиция органдарының жеке құрамымен кездесті. Кездесу барысында ол ел басшылығы мен Ішкі істер министрлігінің алға қойған міндеттерін жеткізіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау және халықтың полицияға деген сенімін арттыру мәселелерінің маңыздылығын атап өтті.

Сапар бағдарламасы аясында Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы жедел басқару орталығына барып, орталықтың жұмысымен, техникалық жабдықталуымен және оқиғаға ден қою алгоритмдерімен танысты.

Сонымен қатар салтанатты жағдайда Қайсар Сұлтанбаев кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекция мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы бөлімшенің қызметкерлеріне 11 жаңа қызметтік автокөліктің кілтін табыстады. Бұл техника құқық тәртібін қамтамасыз ету және халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғау бағытындағы полиция жұмысының мобильділігі мен жеделдігін арттыруға септігін тигізбек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру