Қостанайда учаскелік полицей туристке көмектесті
Қостанайда учаскелік полицей туристке көмек көрсетті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Кешкі патрульдеу кезінде Мичурин ауылдық округінің бір ауылында учаскелік полиция инспекторы Нұрсұлтан Махин шетелдік нөмірлі автокөлікті байқайды. Рөлде – Қазақстан арқылы транзитпен сапар шегіп жүрген Германияның азаматы болды. Инспектор оған қажет болған жағдайда байланысқа шығуы үшін өз визиткасын қалдырды.
Ертеңінде турист әйел мессенджер арқылы учаскелік полицейге хабарласты. Оның түнде болған қарлы бораннан кейін көлігі оталмай қалған. Инспектор ауылдық округ әкімімен бірге жедел жетті. Автокөлікті жылы гаражға жеткізіп, мәселе жазғы дизель отынының қатуынан болғанын анықтады. Қозғалтқышты жылытып, жанармайды ауыстырған соң көлік қайтадан іске қосылды.
Туристке түнеу үшін қонақүйден орын да ұйымдастырылды. Барлығы ойдағыдай болғанына көз жеткізген соң, ол сапарын жалғастырды.
Кейін турист қазақстандық полицейлер мен жергілікті билікке алғысын білдірді: “Мен сіздердің мейірімділіктеріңізге және көмектесуге әрдайым дайын екендеріңізге тәнті болдым. Әсіресе полицей Нұрсұлтанға және қол ұшын созған барлық жандарға рақмет!”
Қарапайым патрульдеу жұмысы нағыз қолдауға айналды. Бұл оқиға – еліміздің кез келген түкпірінде көмекке сенуге болатынын дәлелі.