Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция "Қауіпсіз жол" іс-шарасының қорытындысын жариялады

Алматыда полиция "Қауіпсіз жол" іс-шарасының қорытындысын жариялады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұған дейін хабарланғандай, 15-30 қыркүйек аралығында Алматы қаласында "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Шара жол-көлік оқиғаларын азайтуға және жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Іс-шара барысында қалалық полицияның қызметтері мен бөлімшелері 16 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықтады. Атап айтқанда, көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз басқарудың 266 дерегі, рұқсатсыз қайта жабдықталған көлікті пайдалану бойынша 109 дерек, техникалық байқаудан өтпеген көлікті жүргізудің 739 дерегі, жолаушылар мен жүк тасымалдау талаптарын бұзудың 1241 дерегі, маневр жасау ережелерін бұзудың 1883 дерегі, апаттық жағдай тудырған 592 дерек, мас күйінде көлік басқарудың 105 дерегі, жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізудің 657 дерегі, жаяу жүргіншілер тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзудың 2435 дерегі және басқа да деректер тіркелді.

Сонымен қатар 2208 автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды, оның ішінде 89-ы – шетелдік тіркеуде болған.

- Аталған іс-шараның нәтижелері жолдағы қауіпсіздік мәселесінің әлі де өзекті екенін көрсетіп отыр. Полиция жұмысы "Заң және тәртіп" қағидаты аясында әрі ІІМ жүйесінде 2025 жылдың профилактика жылы болып жариялануына сәйкес жалғасын табады. Алматы полициясы барлық жол қозғалысына қатысушы азаматты ережелерді қатаң сақтауға, бір-бірін құрметтеуге және қауіпсіздіктің әрқайсымызға байланысты екенін есте ұстауға шақырады, – деді Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру