Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда студенттерге киберқауіпсіздік пен құқықтық жауапкершілік түсіндірілді

Жетісу университетінде киберполиция қызметкерлері мен банк өкілі ұйымдастырған дәріс өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесудің негізгі тақырыбы құқықтық сауаттылық пен желідегі қауіпсіздік болса, мақсаты — студенттердің заңдар, қоғамдық тәртіп ережелері және оларды бұзудың ықтимал салдары туралы білімін арттыру болды.

Полицейлер интернеттегі құқық бұзушылықтың алдын алуға ерекше назар аударды. Цифрландыру үдерісі күшейген сайын бұл мәселенің өзектілігі де артып келеді. Студенттерге жеке ақпаратты жариялаудың қаупі, кибералаяқтардан қорғану және заңсыз әрекеттерге тартылып қалмаудың жолдары түсіндірілді.

Сақшылар қылмыстық жауапкершілік қағидаттарына тоқталып, тәжірибеден нақты мысалдар келтірді. Қандай әрекеттердің ауыр салдарға әкелуі мүмкін екені айтылып, күнделікті өмірде заңды сақтау маңыздылығы баса көрсетілді. Сонымен қатар қатысушыларға дропперлік пен сталкингке қатысты Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді.

Дәріс студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды: олар белсенді сұрақ қойып, пікірлерімен бөлісті. Университет өкілдері полиция қызметкерлері мен Халық банкінің өкіліне мазмұнды әрі пайдалы кездесу үшін алғыс айтып, мұндай шаралардың алдағы уақытта да жалғасатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру