Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері мен ардагерлер футбол турнирінде бақ сынады

Көлік полицейлері мен ардагерлер футбол турнирінде бақ сынасты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Көліктегі полиция департаменті 9 айдың қызметтік қорытындысын шығару аясында шағын футболдан дәстүрлі турнир ұйымдастырды. Додаға департамент аппараты мен оның желілік бөліністерінің қызметкерлерінен және ішкі істер органдарының ардагерлерінен құралған 6 команда қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – қызметкерлердің спорттық шеберлігін шыңдау, салауатты өмір салтын насихаттау және ұжымдық рухты нығайту болды.

Турнирдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов ардагерлерге көпжылдық еңбегі үшін алғыс айтып, оларға мықты денсаулық пен ұзақ өмір тіледі. Сондай-ақ жастарға өнеге көрсетіп жүргендері үшін ризашылығын білдірді.

Жарыс қызықты әрі тартысты жағдайда өтті. Қатысушылар өз шеберліктерін танытып, командалық ойын өрнегін көрсетті.

Ойын қорытындысы бойынша:

Құрметті үшінші орын – ардагерлер командасына бұйырды;

Екінші орын – Астана станциясындағы желілік полиция басқармасының командасына берілді;

Бас жүлде мен кубок – көліктегі ПД қосалқы басқармаларының командасына табысталды.

Сонымен қатар ерекше шеберлік пен табандылық танытқан ойыншылар алғыс хаттармен марапатталды.

Айта кетейік, көліктегі полиция департаментінің басшылығы қызметкерлердің спортпен айналысуына және дене шынықтыру дайындығын арттыруға әрдайым қолдау көрсетіп келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру