Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полицейлер мезгілсіз қаза  тапқан әріптесін еске алуға арналған турнир ұйымдастырды

Атырауда полицейлер мезгілсіз қаза  тапқан әріптесін еске алуға арналған турнир ұйымдастырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қолдауымен және жылдам қимылдайтын арнайы жасағының арнайы мақсаттағы бөлінісінің ұйымдастыруымен мезгілсіз өмірден өткен әріптесі Нұрболат Құрмашевты еске алуға арналған "Спорт – нашақорлыққа қарсы" ұранымен шағын футболдан турнир өтті.

– Бүгін біз бұл жерде ерекше бір мақсатпен жиналып отырмыз. Бұл – бір-бірімізбен бәсекеге түсу, мықтыны анықтау немесе жүлде үшін таласу емес. Бұл – тағдыр арамыздан мезгілсіз алып кеткен ардақты әріптесіміз, абзал азамат – Нұрболат Құрмашевтың есімін ұлықтауға арналған мәні терең, мазмұны биік іс-шара. Нұрболат Нәсіпқалиұлы – өмірінің әр сәтін елге қызмет етуге, айналасына адалдық пен адамдықтың шуағын шашуға арнаған тұлға еді. Қысқа ғана ғұмырында елге, еңбекке, отбасы мен ұжымына қалтқысыз қызмет етіп, артында өшпестей із қалдырды. Бүгінгі жарыс – соның айғағы, соның жалғасы. Біз бұл спорттық сайысты ұйымдастыру арқылы оның жарқын бейнесін есте сақтап, өскелең ұрпаққа үлгі етуді мақсат еттік. Жарыс барысында Нұрболат бауырымыздың ізгі істері, биік адамгершілігі, азаматтық болмысы әр қатысушының жүрегінде жаңғырып тұрады деп сенеміз, - деді Атырау облысы полиция департаменті ЖҚАЖ АМБ командирінің м.а. Марат Мукешев.

Жарыс қорытындысы кезінде жеңімпаздар марапатталып, өмірден өткен Нұрболат Құрмашевтің ұлына естелік сыйлық ұсынылды.

Бұл турнир - полиция қызметкерлері арасында спортты және ұжым ішінде өзара қолдау мен жауапкершілікті дамыту, тәртіптілікті қалыптастыру және қызметкерлердің бос уақытын тиімді әрі мазмұнды өткізуге жағдай жасауға бағытталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру