Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада полицейлер азаматтарды мәмілелерді жазбаша түрде рәсімдеуге шақырады

Ақмолада полицейлер азаматтарды мәмілелерді жазбаша түрде рәсімдеуге шақырады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысының полицейлері азаматтарға ірі көлемдегі мүлік немесе ақшалай қаражатқа қатысты мәмілелерді ауызша емес, міндетті түрде жазбаша түрде рәсімдеудің маңыздылығын еске салады. Себебі ауызша келісімдер көбіне мүліктік даулар мен қаражаттың жоғалуына алып келеді.

Аршалы ауданының полиция бөліміне жылқыларды ауызша келісім бойынша берген екі азаматтан шағым түскен.

Бірінші жағдайда аудан тұрғыны 7,7 млн теңге сомасына 21 жылқыны бөліп төлеу шартымен сатып алушыға бергенімен, бүгінге дейін ақшасын ала алмаған. Екінші жағдайда басқа тұрғын 19 млн теңгеден астам сомаға 33 жылқыны сатқан, алайда оған бар болғаны 400 мың теңге ғана төленген.

Тексеру барысында екі жағдайдың да қатысушысы — өз міндеттемелерін орындамаған бір азамат екені анықталды. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Полиция департаменті азаматтарға алаяқтық пен мүліктік даулардың алдын алу мақсатында кез келген мәмілені жазбаша түрде рәсімдеуді, барлық төлем мен құжаттардың растайтын деректерін сақтауды ұсынады. Сондай-ақ күмәнді жағдайларда заңгерлерден немесе полиция органдарынан кеңес алу қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру