Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұландықтар LLF-2025 күзгі чемпионатында келесі кезеңге өтті

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімінің құрамасы LLF-2025 күзгі чемпионатының Liga A кезеңінде үздік нәтиже көрсетіп, екінші орын иеленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

"Гвардеец" атауымен өнер көрсеткен Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері турнир барысында ұйымшылдықтарын көрсетті. Тәртіп пен спорттық шеберліктерін жоғары дәрежеде көрсетіп, құқықтық тәртіп әскерін абыроймен таныстырды.

Тартысты матчтың қорытындысы бойынша "Гвардеец" командасы футбол турнир кестесінің жоғарғы сатысына сенімді орнығып, Суперлигаға жолдама жеңіп алды. Енді олар LLF лигасының ең мықты ұжымдарымен додаға түспек.

Бұл нәтиже – Ұлттық ұланда Отан қорғаушылар ғана емес, түрлі салада жетістікке жете алатын талантты спортшылар да қызмет ететінін айқындады.

Жауап қалдыру