Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полиция тыныштықты бұзған тұрғындарға ескерту жасады

Павлодар облысында тыныштықты бұзған 4,5 мыңнан астам тұрғын жауапқа тартылды,  - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда көпқабатты тұрғын үйлерде кейбір азаматтардың әрекетінен түнгі тыныштық жиі бұзылуда. Кей үйлер түн ортасына дейін би алаңына немесе құрылыс алаңына айналып кететін жағдайлар кездеседі. Мұндай жайттардан шаршаған тұрғындар полицияның көмегіне жүгінуге мәжбүр.

Жыл басынан бері Павлодар облысында қоғамдық тыныштықты бұзған 4,5 мыңнан астам азамат жауапқа тартылған.

Мәселен, Лермонтов көшесіндегі бір үйдің тұрғындары түн ортасында қатты дауыстап, музыка қосқан көршілеріне бірнеше рет ескерту жасағанымен, олар тынышталмаған. Дәл осындай жағдай Бухар Жырау көшесінде де тіркелген – жастар түнгі уақытта үйдің ауласында айғайлап, тұрғындардың демалуына кедергі келтірген.

Полиция қызметкерлері тыныштықты бұзған тұлғаларға қатысты әкімшілік хаттама толтырып, олардың әрқайсысымен профилактикалық әңгіме жүргізді.

Құқық қорғау органдары тұрғындарға тағы да ескерту жасайды: егер түнгі уақытта көршілердің айғай-шуы немесе жөндеу жұмыстарының дыбысы тыныштыққа кедергі келтірсе, мұндай әрекеттер үшін заң аясында әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру