Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда киберполиция жастарға профилактикалық дәріс өткізді

Талдықорғанда "Жастар орталығы" жастарға қызмет көрсету мәдениет орталығында киберполиция қызметкерлері заманауи алаяқтық технологиялары мен қылмыскерлердің жасанды зиятты қалай пайдаланатыны туралы профилактикалық іс-шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Киберполицейлер жастарға интернет алаяқтықтың түрлері жайында айтып берді. Іс-шара ұйымдастырушылары атап өткендей, бүгінгі цифрлық заманда көзге де, құлаққа да сене салуға болмайды. Бейне мен дыбысты бұрмалау бүгінде қиял емес, шындыққа айналды.

Генеративті алгоритмдердің көмегімен алаяқтар шынайы бейнелерге ұқсас видеолар, дауыс хабарламалар және жалған аккаунттар жасап, адамды ойдан шығарылған жағдайға сендіріп қояды. Мұндай тәсілдер тек деректер мен ақшаны ұрлау үшін ғана емес, сонымен қатар қылмыстық схемаларға жаңа қатысушылар тарту мақсатында да қолданылады.

Теориялық мәліметтермен қатар, қатысушыларға практикалық ұсыныстар берілді. Хабарламалардың дереккөзін мұқият тексеру, күмәнді сілтемелерге өтпеу, жеке және банктік деректерді жария етпеуді ескертті. Ал аз ғана күдік туындаған жағдайда хат-хабарды сақтап, құқық қорғау органдарына жүгіну. Сондай-ақ жастарға алаяқтық жағдайлары жөнінде хабар беруге арналған ресурстар мен жедел желілердің бар екенін еске салды.

Жетісу облысы бойынша киберполицияның профилактикалық жұмысы жалғасуда. Мамандар тәуекелдерді азайтып, тұрғындарға өздерінің цифрлық өмірін сенімді қорғауды үйрету мақсатында жаңа кездесулер мен түсіндіру науқандарын өткізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру