Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде ашық есік күні өтті
Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған ашық есік күні өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның басты мақсаты – жастарды қылмыстық-атқару жүйесінің қызметімен таныстыру, олардың құқық қорғау саласына деген қызығушылығын арттыру және кәсіби бағдар беру болды.
Кездесу барысында студенттер мекеме аумағын аралап, сотталғандардың тұрмыс жағдайымен, еңбекпен қамтылуымен және оқу-тәрбие үдерісімен танысты. Сондай-ақ департамент қызметкерлері қатысушыларға қылмыстық-атқару жүйесінің ерекшеліктері, заңды құрметтеудің маңызы мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
— Мұндай іс-шаралар жастарға құқық қорғау саласының жұмысын тереңірек танып, өз кәсіби жолын таңдауда дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді, — деді Сабржан Нұртазин.