Атырауда полицейлер телефон ұрлығының алдын алу бағытында тексеру жұмыстарын жүргізді
Атырауда полицейлер ұялы телефон ұрлығының алдын алу бағытында тексеру жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
21–23 қазан аралығында қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында республикалық "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – көшелер мен қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтардың және қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ олардың жолын кесу болып табылады.
Аталған іс-шара аясында Атырау облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері учаскелік инспекторлармен бірлесіп, қала аумағындағы сауда орталықтарында рейдтік тексерулер жүргізді.
Тексеру барысында ұрланған немесе қылмыстық жолмен алынған ұялы телефондарды анықтау және оларды тәркілеу бойынша нақты жұмыстар атқарылды.
Бұл бағыттағы профилактикалық шаралар азаматтардың мүлкін қорғауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.