Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде оқушыларға құқықтық тәрбие сағаты өткізілді

Семейде Республика күніне орай оқушыларға арналған құқықтық тәрбие сағаты өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Республика күніне орай Семей қаласындағы №40 жалпы білім беретін мектебінде құқықтық бағыттағы тәрбие сағатын өткізілді. "Мен – жас сақшымын" тақырыбымен өткен кездесуге арнайы құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, оқушылармен ашық сұқбат жүргізді. Шара барысында оқушыларға құқықтық жауапкершілік, заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және құқық қорғау саласының жұмысы жайлы кең көлемде мәлімет берілді.

Қатысушылар өз құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ қоғамдағы тәртіптің маңызы жөнінде ақпарат алды. Сонымен қатар "Жас сақшы" сыныптарында оқитын балалардың қызметтік куәліктері тексеріліп, олардың құқықтық даярлық деңгейіне назар аударылды.

Бұл бастама оқушылардың тәртіпке деген көзқарасын нығайтып, қоғамдық қауіпсіздікке бейжай қарамауға тәрбиелеуге бағытталған.

Көші-қон қызметі басқармасының мамандары қауіпсіздік тақырыбында қосымша сабақ өткізіп, оқушыларға тұрғылықты жері бойынша тіркеу тәртібі, жеке басты куәландыратын құжаттардың маңызы және көші-қон заңнамасының негізгі ережелері жайлы түсінік берді.

Тәрбиелік мәні зор бұл іс-шара жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, оларды заң аясында әрекет етуге және қоғамдық тәртіпті құрметтеуге ынталандыруды көздеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру