Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері Республика күнін атап өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері Республика күнін атап өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы Жарма ауданы әкімдігінің "Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ-нің Жаңғызтөбе кенті бойынша филиалында Республика күніне орай ерекше мерекелік шара ұйымдастырылды.

Мереке қарсаңында орталық әкімшілігі мен тәрбиеленуші балалар кенттегі түзеу мекемесінің қызметкерлерін арнайы шақырып, оларды Республика күнімен құттықтап, өздерінің шынайы алғыстарын білдірді.

Көп жылдан бері әр мерекеде түзеу мекемесі ұжымы балаларды сыйлықтарымен қуантуды дәстүрге айналдырса, биыл бұл игі дәстүр өзгеше сипат алды. Енді керісінше, оңалту орталығының тәрбиеленушілері ел игілігі жолында еңбек етіп жүрген азаматтарға өз ризашылықтарын білдірді.

Кішкентай жүректер өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарын сыйға тартып, жүректен шыққан жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізді.

Өз кезегінде түзеу мекемесінің қызметкерлері де балаларға арналған шағын сыйлықтарын ұсынып, орталық ұжымына алғыс білдірді.

Іс-шара барысында түзеу мекемесі бастығының орынбасары Анар Сабиева сөз сөйлеп, Республика күнінің ел өміріндегі маңызына тоқталды.

- Мемлекетіміздің мерейлі мерекесінде осындай ықыласты шараның өтуі – қоғамдағы өзара сыйластық пен мейірімнің айқын көрінісі. Бұл балалардың жүректерінен шыққан жылылық бізге үлкен қуат береді, – деп атап өтті ол өз сөзінде.

Мерекелік кездесудің басты мақсаты – балалардың бойында отансүйгіштік, ізгілік және алғыс айту мәдениетін қалыптастыру.

Кішкентай ғана қолдарымен үлкен жүректің мейірімін сыйлаған бұл күн – қатысушылардың жүрегінде ұзақ уақыт сақталары сөзсіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру