Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда 10-нан астам ұрланған гаджет тәркіленді

Алматыда 10-нан астам ұрланған гаджет тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері телефондар мен компьютерлік жабдықтарды қоғамдық орындар мен кеңсе ғимараттарында ұрлау деректерін болдырмау мақсатында жұмыстар жүргізді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын да осындай қылмыстар үшін жауапқа тартылған күдікті ұсталды. Тінту кезінде 8 телефон, 2 ноутбук және бірнеше SIM-карта тәркіленді. Барлық заттай дәлел қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Алдын ала мәліметтер бойынша күдіктінің өзге де мүліктік қылмыстарға қатысы барын тексеруде. Қазіргі таңда жедел-іздестіру және тергеу амалдары жалғасуда.

– Біздің міндетіміз – қылмыстық топтарды және ұрланған жабдықтарды өткізетін орындарды анықтау, жәбірленушілердің мүлкін қайтару және жазаның бұлтартпауын қамтамасыз ету. Әрбір ұрлық – адам үшін нақты материалдық шығын, сондықтан біз жүйелі әрі мақсатты түрде жұмыс істейміз, – деп атап өтті Алматы қаласы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.

Полиция азаматтарды заттарды қараусыз қалдырмауға, мүмкіндігінше бағалы бұйымдарды жабық сөмкелерде сақтауға, сақ болуға шақырады. Егер затыңызды жоғалтқан жағдайда дереу жақын маңдағы полиция бөлімшесіне немесе "102" нөміріне хабарлау керегін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру