Қызылорда облысында полицейлер адасып кеткен 3 жасар баланы іздеп тапты
Қызылорда облысында полицейлер адасып кеткен 3 жасар баланы тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Керимхан Аппазов мен ювеналды полиция тобының инспекторы Бекзатхан Тоханов қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде ата-анасының қарауынсыз жүрген 3 жасар баланы байқаған.
Полицейлер баланың ата-анасын жедел іздестіріп, көп ұзамай баласын жоғалтқан әке табылып, баламен аман-есен қауышты.
Тексеру барысында белгілі болғандай, баланың әкесі жақын маңдағы ғимаратқа кіріп кеткен сәтте, бала көліктен түсіп кеткен. Әкесінің көлігінен алыстап кеткен балақай адасып қалған.
Қырағылық пен жедел әрекет еткен полиция қызметкерлеріне ата-анасы алғысын білдірді.
Қызметтік міндетін адал атқарып, дер кезінде көмек көрсеткен тәртіп сақшыларының бұл әрекеті – кәсіби жауапкершілік пен адамгершіліктің үлгісі.
