Абай облысында жыл басынан бері шетел азаматтарына мыңнан астам виза берілді
Абай облысында жыл басынан бері шетел азаматтарына мыңнан астам виза берілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысында көші-қон саласындағы қызметтің қарқыны артып келеді. Жыл басынан бері өңір аумағында түрлі мақсаттармен Қазақстанға келген шетел азаматтарына барлығы 1149 виза ресімделді.
Ең көп берілген визалар С9 санатына тиесілі — яғни, оқу мақсатындағы визалар. Өңірдегі жоғары және арнаулы оқу орындарында білім алу үшін 700 шетел азаматы виза алған. Бұл көрсеткіш Абай облысының білім беру саласына шетелдік жастардың қызығушылығының артқанын айғақтайды.
Көші-қон бағыттарының басқа санаттары бойынша да белсенді жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда:
-
С1 санаты бойынша — тарихи отанына тұрақты тұру мақсатында оралған этникалық қазақтарға (қандастарға) 170 виза;
-
С3 санаты бойынша — еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген шетелдік мамандарға 173 виза;
-
С5 санаты бойынша — облыс аумағында бизнес-жобаларды жүзеге асырып жатқан кәсіпкерлер мен инвесторларға 15 виза берілген.
Сонымен қатар отбасылық көші-қон бағытындағы визалар да рәсімделді.
-
С11 санаты бойынша ата-аналарымен бірге келген кәмелетке толмаған балаларға 14 виза,
-
С2 санаты бойынша отбасын біріктіру мақсатында 1 виза берілді.
Медициналық және өзге де мақсаттар бойынша да визалар рәсімделген:
-
С12 санаты бойынша — Қазақстанға емделу үшін келген шетел азаматына 1 виза;
-
В8 санаты бойынша — республика аумағында тұрақты тұру үшін 2 виза берілді.
Ал В14 және В22 санаттары бойынша — Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу үшін 71 виза ресімделген.
Барлық визалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Абай облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасымен рәсімделеді.
Басқарма өкілдерінің айтуынша, визалық рәсімдеу үдерістерінің ашықтығын қамтамасыз ету және шетел азаматтарының құқықтарын сақтау бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл өз кезегінде өңірдің халықаралық ынтымақтастығын нығайтып, шетел азаматтарының Қазақстанға деген сенімін арттыруға ықпал етуде.
