Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы ПД бастығы Аягөз ауданына іссапармен барды

Абай облысы полиция департаментінің бастығы Эльдар Данияров Аягөз ауданына іссапармен барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аягөз ауданына жұмыс сапары аясында Абай облысы полиция департаментінің бастығы Эльдар Данияров жеке құрам және ауыл округтерінің басшыларымен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі тақырыбы – құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті нығайту және тұрғындардың алкоголь тұтынуын азайтуға бағытталған "Ішімдіксіз ауыл" әлеуметтік жобасын дамыту болды.

Бұл жоба өз тиімділігін дәлелдеп үлгерген. Полиция қызметкерлері мен жергілікті билік өкілдері атқарылған жұмыстың қорытындыларын талқылап, ауылдағы қауіпсіздікті арттыру және тұрғындарды құқықтық мәдениетке тарту жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.

Жобаны іске асыруға қосқан белсенді үлесі үшін Шұбартау ауылдық округінің әкімі Бауыржан Мукашев және учаскелік инспектор Дархан Бейсембаев полиция департаментінің алғыс хатымен марапатталды.

– Полиция – тек заң күші ғана емес, қоғамның серіктесі. Біздің басты қағидатымыз – заң мен тәртіп. Тек адал және үйлесімді жұмыс арқылы ғана адамдардың сеніміне лайық болуға болады, – деді Эльдар Данияров.

Кездесуді қорытындылай келе, Эльдар Данияров полиция жұмысының тиімділігі тікелей азаматтардың сеніміне байланысты екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру