Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда ІІМ ардагерлерінің күніне арналған салтанатты жиын өтті

Атырауда ІІМ ардагерлерінің күніне арналған салтанатты жиын өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

10 қараша — Ішкі істер министрлігі ардагерлерінің күніне орай Атырау облысы полиция департаментінде салтанатты мерекелік шара өтті. Іс-шараға ішкі істер органдарында ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет атқарып, ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор үлес қосқан ардагерлер мен департаменттің жеке құрамы қатысты.

Мерекенің салтанатты ашылу рәсімінде Құрмет орденінің иегері, отставкадағы полиция полковнигі Жанболат Олжабаев әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, ішкі істер саласында қызмет ету – ел қауіпсіздігін қорғаудағы жауапты да абыройлы міндет екенін атап өтті.

- Барша әріптестерімді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Біз қызмет еткен жылдары еліміздің тыныштығын сақтау – басты мақсатымыз болды. Ал бүгінгі жас әріптестеріміз сол жауапты істі лайықты жалғастырып келеді. Баршаңызға амандық, қызметтеріңізге сәттілік тілеймін, — деді Жанболат Олжабаев.

Мереке қарсаңында ел алдында адал қызмет атқарып, батылдығы мен кәсібилігі арқылы ұрпаққа өнеге бола білген ішкі істер органдарының құрметті ардагерлеріне Атырау облысы полиция департаменті бастығының Алғыс хаттары табыс етілді.

Әрі қарай мерекелік концерттік бағдарламаға жалғасқан шарада департаменттің өнерлі қызметкерлері және Атырау облысының бірқатар өнерпаздары көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру