Жетісу облысында қызметтік көліктер мен техникалардың қысқы маусымға дайындығы тексерілді
Жетісу облысында полиция департаменті басшылығы, әкімдік және "ҚазАвтоЖол" филиалы өкілдерімен бірлесіп, қысқы маусымға дайындық аясында қызметтік көліктер мен жолдарды қардан тазалауға арналған арнайы техникалардың дайындығын тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қауіпсіздік техникасы – баршамыз қатаң сақтауға тиіс негізгі қағида. Әсіресе, бұл талап – қоғамның тыныштығын күзетіп, азаматтарды заң мен тәртіпті сақтауға шақыратын полиция қызметкерлері үшін аса маңызды.
Тексеру барысында көліктердің техникалық жағдайына, жылыту және жарық жүйелерінің дұрыстығына, қысқы шиналардың, байланыс құралдарының және қажет жабдықтардың болуына ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шара – жай формалдылық емес, ол қызметкерлер мен жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жұмыстың бір бөлігі. Өйткені тәртіп пен жауапкершілік – заңға қызмет ететіндерден басталады. Заң мен тәртіп – әрқайсымыздан басталады!
