Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында синтетикалық есірткіні интернет арқылы сату дерегі тоқтатылды

Павлодар облысында синтетикалық есірткіні интернет арқылы сату дерегі тоқтатылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында прокуратураның үйлестіруімен жедел уәкілдер психотроптық заттарды интернет арқылы сатумен айналысқан топ мүшелерін ұстады.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екі күдікті қолға түсіп, олардың тұрғылықты жерінен тінту кезінде шамамен 186 полиэтилен қаптамаға оралған есірткі және психотроптық заттар, сондай-ақ түрлі іздері бар 28 медициналық пипетка табылып, тәркіленді. Бұл айғақтар олардың есірткі таратуға байланысты заңсыз қызметке қатысы бар екенін дәлелдейді. Күдіктілердің бірі өз кінәсін мойындап, есірткі айналымына қарсы күресте маңызды деректер ұсынды, – деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.

Аталған дерек бойынша есірткі және психотроптық заттарды өткізу фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер сот санкциясымен қамауға алынды.

Полиция қызметкерлері қоғам қауіпсіздігін сақтау мақсатында азаматтарды есірткінің заңсыз айналымына қатысты кез келген дерек туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру