Павлодар облысында полиция автожолдарды тексеру барысында төрт мыңға жуық ақауды анықтады
Павлодар облысында автожолдарды тексеру барысында полиция шамамен 4 мыңға жуық ақауды анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол-техникалық инспекция қызметкерлері жолдарды кешенді, тоқсан сайынғы, нысаналы және бақылау тексерістерін, сондай-ақ белгіленген нұсқаулықтар мен нормативтерге сәйкес күнделікті бақылау жүргізу арқылы автожолдардың жай-күйіне мемлекеттік қадағалауды тұрақты түрде жүзеге асырады.
– Тек осы жылдың өзінде жалпы ұзындығы шамамен 26 мың шақырым болатын автожолдарға 1345 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 3880 ақау анықталды. Жолдардың қанағаттанарлықсыз күтіп-ұсталуы үшін 277 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бакибай Ахмедьянов.
Мысалы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдерімен бірлесіп, автожолдардың жағдайы және олардың қысқы кезеңге дайындығы тексерілді. Тексеру барысында жол жабынының бүлінуі, жол белгілерінің тозуы, жарықтандырудың жеткіліксіздігі және қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін басқа да мәселелер анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша жауапты ұйымдарға анықталған кемшіліктерді жою үшін белгіленген мерзімдермен нұсқамалар берілді.
Жол-техникалық инспекция күн сайын жол қызметтерімен өзара әрекеттесіп, автожолдардың жағдайына және олардың қысқы күтіміне тұрақты бақылау жүргізеді, әсіресе ауа райының нашарлауы – қарлы боран, қатты жауын-шашын және көктайғақ кезеңдерінде.
