Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлер оқушыларға қауіпсіздік сабақтарын өткізді

Павлодарда полицейлер оқушыларға қауіпсіздік сабақтарын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарда полицейлер кәмелетке толмағандардың ойланбай жасаған әрекеттері мен құқыққа қайшы әрекеттердің қандай салдарға әкелетінін мектеп оқушыларына түсіндірді.

– Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауын қамтамасыз ету мақсатында қаладағы барлық білім беру мекемелерінде әр жастағы оқушыларға профилактикалық дәрістер өткіземіз. Кәмелетке толмағандар арасында жиі кездесетін құқықбұзушылық түрлерін, жасөспірімдер мен олардың ата-аналарының жауапкершілігін, асоциалды ортаның, зиянды әдеттердің және тәуекелді мінез-құлықтың қауіптілігін, сондай-ақ қоғамдық орындарда және жолда өзін қалай дұрыс ұстау керектігін түсіндіреміз, – деді Павлодар қаласы ПБ ювеналды полиция инспекторы Рабиға Жүнісова.

Кездесу барысында С.Торайғыров атындағы №28 орта мектептің оқушылары өздерінің өмірлік тәжірибелерінен мысалдар келтіріп, олардың әрекеттері қандай салдарға әкелгенін бөлісті. Полицейлер әр жағдайды балалармен бірге талқылап, тиісті түсіндірме берді. Оқушылар белсенді қатысып, сұрақтар қойды.

Полицейлер мұндай іс-шаралар құқықбұзушылық қаупін төмендетуге, жасөспірімдерді ойланбай шешім қабылдауға және жағымсыз ықпалға бой алдырмауға үйрететінін атап өтті.

Ашық диалог пен дер кезінде көмекке жүгіну – жанжалдар мен қолайсыз жағдайлардың алдын алудың ең тиімді тәсілі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру