БҚО-да алаяқтарға көмектескен тұрғын сотталды
БҚО-да алаяқтарға көмектескен тұрғын сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша облыс тұрғынын ұстады. Тергеу мәліметінше, белгісіз адамдар өздерін Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ұлттық банк қызметкерлері ретінде таныстырып, Орал қаласының тұрғынын алдап, психологиялық қысым жасау арқылы жеке депозитінен бірнеше миллион теңге шешіп алуға және ақшаны курьерлік қызмет арқылы такси жүргізушілерінен беріп жіберуге көндірген.
Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті Қызылорда облысының Арал қаласында ұсталды. Тінту кезінде одан 2 000 АҚШ доллары мен 265 000 теңге табылды. Ер адам өзінің әрекеті заңсыз екенін біле тұра жәбірленушінің ақшасын бірнеше мәрте қабылдап, алаяқтарға бергені анықталды. Сонымен қатар қылмыстың басқада қатысушыларын іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
Сот шешімімен айыпталған азамат кінәлі деп танылып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Заңнамаға сәйкес қылмыс жасауға ақпарат, құрал немесе өзге де жағдайлар арқылы жәрдем беру, не алдын ала қылмыскерді немесе қылмыс іздерін жасыруға уәде беру — қылмысқа көмектесу.
Полиция азаматтарды күмәнді қоңыраулар мен ақша аударуды талап ететін жағдайларға кездескен кезде дереу құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырады.
