СҚО-да полиция 18 мас жүргізушіні тоқтатты
СҚО-да полиция 18 мас жүргізушіні тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 482 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 637 адам түрлі жарақат алды. Жол-көлік апаттарының санын азайту, жолдардағы бақылауды күшейту және "Заң және тәртіп" қағидасын нығайту мақсатында полиция алты күндік республикалық "Қауіпсіз жол" атты жедел-профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында 1415 түрлі жол ережесін бұзу фактісі анықталды. 18 мас жүргізуші ұсталды. Операцияға полиция қызметкерлері, мемлекеттік ұйымдардың мамандары және қоғамдық өкілдер тартылды. Облыс аумағында 155 автопатруль және пост жұмыс істеді.

СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжановтың хабарлауынша, іс-шара кезінде жасырын патрульдеу әдісі, жол ережесін бұзуды тіркеуге арналған аппараттық-құрылымдық кешендер, "Кибершериф" мобильді кешендері және ұшқышсыз әуе аппараты қолданылды. Технологиялардың көмегімен келесі бұзушылықтар анықталды: көлікті басқару кезінде телефон қолдану – 124 факт, қауіпсіздік белдігін тақпағаны – 234, жаяу жүргіншілердің жолдан белгісіз жерден өтуі – 180. Сондай-ақ заңсыз қайта жабдықтау, техникалық байқаудың жоқтығы, қызыл шамда өту және апаттық жағдай тудыру бойынша хаттамалар толтырылды.
18 көлік арнайы тұраққа қойылды. Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру жұмыстары жалғасуда.
