Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында колонияға тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті әшкереленді

Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №45 мекемесі қызметкерлері колония аумағына тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталғанға қысқа мерзімді кездесу кезінге әкелінген сәлемдемені тексеру кезінде мекеме қызметкерлері тамақ салынған ыдыстың ішіне жасырылған тыйым салынған заттарды анықтады. Тексеру барысында контейнер ішінен 5 телефон және 5 сымды құлаққап табылды. Барлығы тағам арасына мұқият жасырылған.

Тыйым салынған заттар белгіленген тәртіппен тәркіленді. Материалдар әрі қарай тергеу жүргізу үшін құзырлы органдарға жолданды.

Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаменті колонияларға тыйым салынған заттарды өткізуге бағытталған кез келген әрекет дереу тоқтатылатынын, ал кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру