Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда есірткі заттарын өткізуге қатысты қылмыстық әрекет тоқтатылды

Ақтауда есірткі заттарын өткізуге қатысты қылмыстық әрекет тоқтатылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің қызметкерлері аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау және өткізу дерегі бойынша тіркелген қылмыстық іс аясында жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізді.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде Ақтау қаласының шағын аудандарының бірінде есірткі заттарын өткізу мақсатында сақтады деген күдікпен бірнеше тұлға ұсталды. Санкцияланған және санкциясыз жүргізілген тергеу әрекеттері барысында синтетикалық есірткі заттары мен өсімдік тектес есірткі заттары, сондай-ақ тыйым салынған заттарды өлшеуге, қаптауға және таратуға арналған құралдар тәркіленді.

Сонымен қатар тексеру барысында Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданы аумағында жасырылған есірткінің жасырын орындары анықталды. Барлық табылған заттар айғақ зат ретінде тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, заңсыз әрекеттер интернет-ресурстар арқылы "қойып кету" тәсілімен жүзеге асырылған. Жүргізілген сараптамалар есірткі құралдарының едәуір көлемде екендігін растады. Күдіктілердің біріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде уақытша ұстау изоляторына қамау қолданылды.

Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын, сондай-ақ мүмкін болатын сыбайластарды анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасуда.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру