Астанада қызметтік ит есірткі таратушыны ұстады
Астанада қызметтік ит есірткі таратушыны ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Профилактикалық іс-шара барысында Күйгенжар бекетінде полиция қызметкерлері Toyota автокөлігін тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде инспектор-кинолог Баксқызметтік итпен бірге 55 жастағы жолаушыны ұстады.
Нәтижесінде ер адамның кеуде тұсына бекітілген пакет табылып, сараптама оның құрамында бір келіден астам каннабис шайыры бар екенін анықтады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Айта кетерлігі, жыл басынан бері елордада қызметтік иттердің көмегімен шамамен 40 есірткі құқық бұзушылығы анықталған.
Полиция азаматтарды есірткі заттарын заңсыз сақтауға және таратуға жол бермеуге шақырады. Сондай-ақ күмәнді жағдай туындаған кезде дереу 102 нөмірі арқылы хабарласуды ескертеді.
