Астананың үздік анықтаушысы ІІМ грамотасымен марапатталды
Астана қаласы Есіл ауданы полиция басқармасының аға анықтаушысы Серік Қазбек – ішкі істер органдары қызметкерлерінің жаңа буынының жарқын өкілі. Ол туралы толығырақ Polisia.kz сайтынан оқыңыздар.
Ол ішкі істер органдарындағы қызметін 2022 жылғы ақпан айында бастап, қысқа уақыт ішінде кәсібилігімен, жоғары жауапкершілігімен және қызметтік тәртібімен ерекшеленді. Осы еңбегінің нәтижесінде ақпан айында аға анықтаушы лауазымына тағайындалды.
Биылғы жылы Серік Қазбектің өндірісінде 94 қылмыстық іс болды. Аталған істердің басым бөлігі сотқа жолданып немесе заң талаптарына сай тиісті процессуалдық шешімдермен аяқталды.
Қызметтік нәтижелерінің қорытындысы бойынша ол 2025 жылдың Астана қаласының үздік анықтаушысы деп танылып, жоғары көрсеткіштері үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің грамотасымен марапатталды.
Серік Қазбек – заманауи көзқарасты, терең білімді, кәсіби біліктілігі жоғары және қызметтік борышына адалдықты басты қағида еткен жас маманның үлгісі.
