Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер ІІО ардагерін мерекемен құттықтады

Түркістан облысында полицейлер ІІО ардагерін мерекемен құттықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Мереке қарсаңында Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалымжан Қуашбаев, жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарманың бастығы Мақсат Асқаров және қалалық ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Батырхан Сансызбаев ҚР ІІМ-нің Құрметті ардагері Есалы Нұржановтың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.

Облыстық полиция департаментінің басшылығы ардагерге Алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыстап, ізгі тілектерін білдірді.

Өз кезегінде Ғалымжан Қуашбаев Есалы ақсақалдың ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жолында атқарған адал қызметін атап өтіп, құқық қорғау саласын дамытуға қосқан сүбелі үлесі үшін шынайы ризашылығын жеткізді.

Бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагер Есалы Нұржанов облыстық полиция департаменті тарапынан жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстарға оң бағасын беріп, тәртіп сақшыларының халықпен тығыз байланыс орнатып, кері байланыстың нығайғанын ерекше атап өтті.

Ардагерлерге құрмет көрсету – ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісі әрі өскелең буын үшін тағылымды тәрбие.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру