Атырауда полицейлер балаларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады
Атырауда полицейлер балаларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа жыл – мейірім мен қуанышқа толы, ізгі істерге үндейтін ерекше мереке. Осы мерекені жақсылықпен қарсы алу мақсатында Жаңа жыл қарсаңында Атырау облысы полиция департаменті патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Құрманғазы ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығындағы ерекше балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Кездесу барысында тәртіп сақшылары бүлдіршіндерге жаңа жылдық сыйлықтар табыстап, жылы лебіздерін жеткізді. Балалар қуанышпен қонақтарды қарсы алып, шынайы күлкілерімен мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Бұл кездесу Жаңа жыл тек ғажайыптардың уақыты ғана емес, сонымен қатар жақсылық жасау кезеңі екенін еске салды.
