Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖК төрағасының орынбасары Алматыдағы тергеу изоляторының жұмысын тексерді

Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Н.Рыспаев жұмыс сапарымен Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне барып, жыл қорытындысына арналған жиынға қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Комитет төрағасының орынбасары жұмыс сапары аясында №72 мекемесіндегі күдіктілер мен шаруашылық жасағындағы сотталғандарды ұстау тәртібіне, оларға көрсетілетін медициналық қызметтің жай-күйіне, тұрмыстық жағдайлары мен қауіпсіздік талаптарының сақталуына ерекше көңіл бөлді.

Сондай-ақ Н.Рыспаев мекеме қызметкерлерімен кездесіп, ҚАЖ саласындағы өзіндік тәжірибелерімен бөлісті.

Қызметтік сапар барысында Алматы қаласы бойынша ҚАЖД бастығы Ерлан Ұзақов ҚАЖК төрағасының орынбасары Н.Рыспаевты тергеу изоляторындағы күдіктілер мен сотталғандарға көрсетіліп жатқан әлеуметтік-психологиялық және заңгерлік қызметтің барысымен таныстырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру