Маңғыстау облысында "Жолда қабылдау" профилактикалық акциясы өтті
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында "Жолда қабылдау" профилактикалық акциясы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бейнеу ауданы полиция бөлімі, аудан прокуратурасы, орталық аудандық аурухана басшылығы, сондай-ақ нарколог дәрігер мен психолог мамандардың қатысуымен республикалық маңызға ие Ақтау – Бейнеу – Атырау тасжолында "Жолда қабылдау" атты профилактикалық акция ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүргізушілер арасында жауапкершілікті арттыру.
Акция барысында көлік жүргізушілеріне:
• жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтау;
• белгіленген жылдамдық режимін бұзбау;
• қауіпсіздік белдігін міндетті түрде тағу;
• мас күйінде немесе шаршаған жағдайда көлік басқармау;
• қарсы бағытқа шықпау;
• қауіпсіз арақашықтықты сақтау;
• көлік құралдарының техникалық жағдайын алдын ала тексеру;
• ауа райы мен жол жағдайын ескеру қажеттігі жөнінде кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

"Жолда қабылдау" акциясына 80-нен астам жүргізуші қатысып, оларға полиция бөлімі тарапынан арнайы дайындалған ақпараттық парақшалар мен жадынамалар таратылды.
Сонымен қатар медицина қызметкерлері мен психолог мамандар жүргізушілердің денсаулық жағдайын тексеріп, жолда қауіпсіз жүру бойынша тиісті кеңестер берді.
Жолдағы қауіпсіздік – баршаға ортақ жауапкершілік. Әрбір жүргізушінің жол ережесін сақтауы адам өмірін сақтауға тікелей әсер етеді.
Аталған бағыттағы түсіндіру және профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
