Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда қоғамдық автобуста жасалған ұрлық қылмысы ашылды

Қарағандыда қоғамдық автобуста жасалған ұрлық қылмысы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қаласында 40 жастағы жергілікті тұрғын әйел маршруттық автобуста ұрлықтың құрбаны болды. Маршруттық автобустың салонында белгісіз адам оның сөмкесін жасырын түрде ұрлап кеткен. Сөмкенің ішінде құнды заттар: жеке құжаттары, үй кілті және 170 мың теңге салынған әмияны болған.

Қылмысты ашу және күдіктіні ұстау мақсатында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті, Қарағанды облысының 33 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, ұрланған заттардың барлығы қайтарылды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында ұсталған адамның бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру